×

«Үкіметтен жақсы жаңалық келіп жетті»: депутат Аралбайұлы халықтан сүйінші сұрады

Спорт легионерлеріне қаражат бөлінбейді

«Үкіметтен жақсы жаңалық келіп жетті»: депутат Аралбайұлы халықтан сүйінші сұрады
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлының айтуынша, енді Қазақстан билігі спорт легионерлеріне қаражат бөлмейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бізге жақсы жаңалық келіп жетті. Легионерлерге, Қазақстанда жүрген шетелдік спортшыларға бюджет қаражатынан бір тиын берілмеуі керек және квазимемлекеттік сектордан, «Самұрық-Қазына» секілді қордың ақшасы да берілмеуі тиіс деген норманы заңға енгіздім. Әріптес депутаттар қолдады», - дейді Нартай Аралбай.

Оның айтуынша, таяуда Үкіметтен тиісті қорытынды келген. Депутаттың айтуынша, енді легионерлерге квазимемлекеттік сектордан да, бюджеттен де қаражат берілмейді.

«Халықтың ақшасы тек халықтың игілігіне жұмсалуы керек. Спорттағы қаражат сонымен қатар нәтижесі жоғары спортшыларға беріледі. Оның ішінде басым спорт түрлеріне. 180 спорт түріне мемлекет бюджетінің ақшасы берілмейді. Оның ішінде спорт түрлері – Олимпиадалық, Азиада ойындары, Сурдолимпиада, Паралимпиада ойындары тізіміне енген спорт түрлеріне ғана қаражат бөлінеді. Одан бөлек мемлекеттік спорттық ұйымдардағы балаларға, бұқаралық спортқа беріледі. Мемлекеттің қаражаты бұрынғыдай оңды-солды шашылмайды», - дейді ол.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездескенде легионерлер мәселесін де қозғаған еді. «Сырттан келетін легионерлерге тоқтау салынуы тиіс» дейді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтқан болатын.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әмір Омарханов теннистен Мексикада өткен жарыста жеңімпаз атанды
Кеше, 12:07

Әмір Омарханов теннистен Мексикада өткен жарыста жеңімпаз атанды

Ол  ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жеткен
Олар 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы қаражатты жылыстатқан
Бұл іске клубтың экс-президенті Григорий Лорияның қатысы бар болып шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →