×

Елдос Сметовтың бапкерінің жалақысына 4 млн теңге қосылды

Елдос Сметовтың бапкерінің жалақысына 4 млн теңге қосылды
Facebook / Елдос Сметов

2024 жылдың қараша айынан бастап Әлем чемпионатының жеңімпазы Жарқынай Рахымбаева және қола жүлдегер Серғали Әбілда, биылғы Паралимпиаданың паражүзуден күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали мен бапкері Саттар Бейсембаевтың жалақысы өседі. Ал Елдос Сметовтың бапкері келесі олимпиадаға дейін ай сайын 4 млн теңге қосымша жалақы алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, Жарқынай Рахымбаева және Серғали Әбілда 16-26 тамыз аралығында Кишинев қаласында өткен жарыста армрестлингтен жүлдегер атанған болатын. 

Жүлдегерлер жалақысының көтерілуі Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы N262 қаулысына сәйкес жүзеге асты. Енді Жарқынай Рахымбаеваның бұған дейін алып келген жалақысына - 162 448 теңге, Серғали Әбілданың жалақысына - 81 244 теңге, Нұрдәулет Жұмағалидың жалақысына - 2 148 744 теңге, Саттар Бейсембаевтың жалақысына - 974 668 теңге қосылады.

Бапкер Саттар Бейсембаев осыған дейін 385 044 теңге жалақы алып келсе, Нұрдәулет Жұмағалидың жалақысы 1 271 812 теңге көлемінде болған. 

Тағы бір айтары, Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Елдос Сметовтың жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевтің де жалақысына қыркүйек айынан бастап 4 млн теңге қосылды.

Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары бұл - спортшылардың әлемдік додаларда жүлде алуына байланысты жалақысына автоматты түрде қосылатын төлем екенін айтады. 

Ал, Елдос Сметовтың жалақысына әл-әзірге ешқандай ақша қосылған жоқ. Сметов облыс әкімінің қаулысына сәйкес ең жоғары жалақы - 2 684 000 теңге алады.

Енді Жамбыл облыстық спорт басқармасы қаулыға өзгерістер енгізіп, чемпионның да жалақысын көтеруге қадамдар жасап жатыр. Бұл келесі жылдан бастап іске асуы мүмкін.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ тіліне қарсы дауыс берген: Абай және Шығыс Қазақстан облысы футбол федерацияларының өкілдері сынға қалды
01.11.2024ж. 14:37

Қазақ тіліне қарсы дауыс берген: Абай және Шығыс Қазақстан облысы футбол федерацияларының өкілдері сынға қалды

Қазақ тіліндегі қатесіз нұсқаны таңдау кезінде 23 мүше қолдап, 2 мүше қарсы дауыс берген
Ол алты миллион теңгеге жуық қаржыны заңсыз иемденіп, үстінен сыйақы алып келген
Отандасымыз финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден басым түсті
Бұл топ жарған дзюдошыға берілетін ең басты дәреже

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →