Жәмилә 8-6 есебімен басым түсті
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақ балуаны Жәмилә Бақбергенова финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз 72 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында 31 жастағы моңғолиялық спортшы Болортунгалаг Зоригты ұтты. Есеп 8-6.
Айта кетейік, күндізгі сессияда Жәмилә молдовалық сосын чех палуанынан басым түскен.
Жәмилә Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.
Енді боз кілем шебері ақтық сында Ами Ишимен (Жапония) күреседі.