×

Тарихи сәт! Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атанды

Отандасымыз финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден басым түсті

Тарихи сәт! Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атанды
Спорт дирекциясы

Еркін күрестен Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Нұрқожа Қайпанов Албанияның бас қаласы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден басым түсті. Есеп: 3-5.

Нұрқожа дәл осы салмақта (70 кг) 5 жыл бұрын еліміздің астанасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. 

Осылайша, елімізден 2-жыл қатарына еркін күрестен әлем чемпионы шықты. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған. 

Айта кетейік, кеше Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңген. Жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті таза жықты.

Осымен Тиранадағы Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Осыған дейін грек-рим күресінің шебері Ержет Жарлықасын (63 кг) мен Жәмилә Бақбергенова (72 кг)

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақстаннан Бектенов қатысты». Мирзиёев өзбек футболшыларына 40 көлік сыйлады
Кеше, 14:11

«Қазақстаннан Бектенов қатысты». Мирзиёев өзбек футболшыларына 40 көлік сыйлады

Сонымен бірге, құрама сапындағы физиотерапевттер, аудармашылар және медиа бөлімінің қызметкерлері де мемлекеттік марапаттарға ие болған
2014 жылы дебюттік ойынын өткізіп, содан бері 63 матчта 3 гол соққан
Бұл- оның мансабындағы ең жоғары нәтиже. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →