Рахат Әлиев
Рахат Әлиев ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасары және елші т.б. лауазымдарда отырды. 2000‑шы жылдардың ортасында Рахат Әлиев пен Назарбаев арасындағы араздық күшейе түсті. Рахат Алиев бірнеше рет ашық сөйлеген сұхбаттарда Қазақстандағы билік жүйесінің бұрыс жағын айтып, елдегі саяси ахуалды қатты сынаған. Ол 2007 жылы Қазақстанда оған айыптар тағылғаннан кейін елден кеткен. Кейін ол Австрияда тұрып Қазақстандағы билік пен құқық жүйесін сынады. 2007 жылы Нұрбанк басшылығында болған кезде банк менеджерлері — Жолдас Темірәлиев пен Айбар Қасенов — жоғалып, кейін денелері табылды. Қазақстанда бұл жағдайға Рахат Әлиеатің қатысы бар деп айыпталып, екі адамды өлтіру, ұрлау және азаптау сияқты ауыр айыптар бойынша сотталды. Австрияда да Рахат Әлиевке қатысты тергеу жүрді. 2014–2015 жылдары Австрия прокуратурасы оны екі банкирді өлтіру ісі бойынша айыптады. Алайда 2015 жылы Рахат Әлиев Венадағы түрмеде қайтыс болып, Wiener Zentralfriedhof атты зиратқа мұсылманша жерленді.