×

Аймағамбетов екі бірдей сүйінші жаңалықты бөлісті

2025 жылдан бастап 3,5 миллион адам тегін скринингтен өте алады

Аймағамбетов екі бірдей сүйінші жаңалықты бөлісті
Ашық дереккөзден

Депутат Асхат Аймағамбетов бүгін Мәжіліс екі маңызды түзетуді қабылдағанын, ол заң мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға, ал дәрігерлерді тәжірибемен оқытуға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Асхат Аймағамбетов жақсы жаңалықтың арқасында енді мыңдаған азаматтар тексерілуге қол жеткізіп, ал ауруды кеш анықтау қаупі азаятынын мәлімдеді.

«Бүгін екі жыл бойы жұмыс істеп, біз бастамашылық еткен екі маңызды түзетуді  Мәжіліс қабылдап, заңды Сенатқа жолдады. Онкологиялық скринингті медициналық сақтандыруы жоқ 3,5 миллион адамға қолжетімді етеміз! Ракты ерте анықтау – өмірді сақтап қалудың басты жолы. Мысалы, өткен жылы 2,1 мың адамда рактың бастапқы кезеңі табылды. Көптеген адамдар үшін бұл – уақтылы ем қабылдау және толық сауығу мүмкіндігі! Бірақ қазіргі уақытта бұл скрининг тек сақтандырылған азаматтарға ғана тегін әрі қолжетімді. Енді біздің түзетуге сәйкес, 2025 жылдан бастап сақтандырылмаған 3,5 миллион адам тегін скринингтен өте алады», - дейді депутат.

Сонымен қатар депутат екінші жақсы жаңалық - медицина ғалымдарын дайындау тәртібі өзгеретінін де атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта докторантура тек университеттерде ғана қолжетімді. Медицина – бұл тек кітаптан үйренетін ғылым емес, тәжірибені қажет ететін сала. Жас ғалымдар білікті хирургтардың жанында тұрып, скальпель ұстап, өмірлік маңызды шешімдер қабылдауды меңгеруі тиіс.

«Біздің жаңа бастама:
 • Мемлекеттік тапсырысты тікелей Ұлттық медициналық ғылыми институттарға бөлуге мүмкіндік береді.
 • Медициналық институттар жанынан диссертациялық кеңестер құруды көздейді.
 • Практикасыз жүзеге асырылмайтын бейінді бағдарламаларға ғана таралады.
Ал ғылыми-педагогикалық докторантура бұрынғыдай университеттерде қалады», - дейді Аймағамбетов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →