×

Ұлытау облысында алғаш рет бүйрекке заманауи әдіспен ерекше операция жасалды

Лапароскопиялық әдіс дәстүрлі операциямен салыстырғанда анағұрлым заманауи және аз инвазивті.

Ұлытау облысында алғаш рет бүйрекке заманауи әдіспен ерекше операция жасалды
Ulytaunews.kz

Жезқазған медициналық орталығының базасында шеберлік сыныбы аясында өткен лапароскопиялық нефрэктомия, яғни пышақсыз операцияға PhD, Астана қаласындағы көпсалалы медицина орталығы директорының орынбасары, Қазақстанның онкоурологтар қоғамының төрағасы Талғат Құрманов жетекшілік етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ulytaunews.kz-ке сілтеме жасап.
Лапароскопиялық әдіс дәстүрлі операциямен салыстырғанда анағұрлым заманауи және аз инвазивті. Осыған дейін біздің облыста бұндай хирургиялық араласу ұзындығы 30 см-лік тілік арқылы жасалатын. Бұл науқастардың қалыпты өмірге оралуы мен операциядан кейінгі айығуын қиындата түсетін. Ал, тіліксіз әдіс пациенттерге операциядан соң 1-2 сағат ішінде аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік береді.
Операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен, яғни ақысыз жүргізілді. Терминалдық гидронефроз (бүйректің жарамсыздығы) диагнозы бойынша есепте тұрған екі науқас та МӘМС жүйесінде сақтандырылған. 50 жастағы Айбат Байжантаев үшін жұмыс берушісі айма-ай МӘМС төлемдерін аударса, сәтбаевтық Любовь Пахарокова – зейнеткер ретінде жеңілдік санатында.

Бұл операция Ұлытау облысында алғаш рет жүргізілгенін атап өту маңызды. Бұрын мұндай араласуды жүзеге асыру үшін пациенттер басқа қалаларға баруға мәжбүр болатын, бұл айтарлықтай қолайсыздықтар тудыратыны белгілі. Алайда, бүгінгі тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген шеберлік сыныбынан кейін Жезқазған урологтары мұндай операцияларды өз бетінше жасай бермек.
Жалпы 2025 жылдың басынан медициналық орталықтың урология бөлімінде МӘМС шеңберінде 100 науқасқа операция жасалды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады
06.08.2025ж. 12:31

Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Жаңа орталық жылына 100 баланы қамтуға мүмкіндік береді
Нарколог маман Құрбан Айтжановтың айтуынша, есірткіге тәуелді адам қылмысқа оңай барады
Бұл бастама дәрігерлерге шабуыл оқиғалары жиілегендіктен көтеріліп отыр.
Құрылтайға Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандары қатысуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →