×

ШҚО шағын ауылдарының бірінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Ұлттық жоба өз жалғасын табады

ШҚО шағын ауылдарының бірінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Глубокое ауданының Секисовка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа медициналық нысан инфаркт, инсульт, жарақат және өзге де шұғыл жағдайларда ауыл тұрғындарына дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл халқының денсаулығын нығайту, уақытылы профилактикалық және сауықтыру шараларын өткізу, скринингтік тексерулер жүргізу де жолға қойылады.

“Бұған дейінгі амбулатория қарапайым ғимаратта орналасқан еді. Бұл тұрғындар мен дәрігерлер үшін қолайсыз болатын. Қазір ауылымызда жаңа ұрпақ өсіп келеді, ал олардың денсаулығына қарайтын білікті мамандар болса, болашағымыз жарқын болады”, – дейді ауыл тұрғыны Елена Блинова.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында облыста 36 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда: 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 27 медициналық пункт бой көтереді.

“Ауданның өз күшімен мұндай құрылыс жүргізуі қиын болар еді. Халық үніне құлақ асып, Ұлттық жоба әзірленді. Оның аясында Глубокое ауданында екі жыл ішінде 6 нысан салынбақ. Бүгін ашылған амбулатория – үшінші медициналық мекеме. Мұндай жаңа әлеуметтік нысандар – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш”, – деді Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Елена Старенкова.

Ұлттық жоба өз жалғасын табады. Алдағы уақытта да көптеген ауылда медицина саласына жаңа серпін беретін нысандар ашылмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті
13.06.2025ж. 15:20

Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті

Құрылтайға Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандары қатысуда
Оған Нұрлыбаев сұрақты түсінбей, басқаша жауап берді
Қазіргі таңда 200-ден астам отандық өндірушінің  34-і  мемлекеттік қолдауға ие болған
Бұл инфкекция – әлем бойынша балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →