×

75 пайызы вакцина салдырмаған: Елімізде қызылша жұқтырған балалар саны артты

Биыл жыл басынан бері 1363 бала қызылша жұқтырған

75 пайызы вакцина салдырмаған: Елімізде қызылша жұқтырған балалар саны артты
Сурет: aikyn.kz

Биыл 1363 бала қызылша жұқтырған. Ауруға шалдыққандардың 75 пайызы вакцина салдырмаған,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қызылша жұқтырған балалардың ең көбі Жамбыл облысында тіркелген. 300-ге жуық бала ауырған. Екінші Астана, үшінші кезекте Ақмола облысы. Дегенмен, мамандар биыл қызылша жұқтырғандардың саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай аз деді. Мәселен, былтыр 21 мыңнан аса бала қызылшамен ауырған”, – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ көкжөтелге шалдыққан балалардың да саны былтырғымен салыстырғанда едәуір азӨткен жылы 550-ге жуық, биыл 183 жағдай тіркелген. Олардың 89 пайызы екпе салдырмаған. Сондықтан мамандар дер кезінде екпе алуға кеңес береді.

“Бұл енді ауа тамшылары арқылы жұғатын вирусты инфекция болғандықтан өте тез, әрі жылдам тарайды. Мұны тек вакцинамен ғана тоқтата аламыз. Негізінде қызылшаға қарсы екпе 1 жаста және 6 жаста салынады. Көкжөтел де дәл сол сияқты.”, – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас маманы Эльмира Құрбанбекова

Еске сала кетейік, елімізде еуропалық иммундау апталығы басталды. 3 мамырға дейін бір апта бойы түрлі ауруларға қарсы егілетін вакциналардың маңызы түсіндіріледі. Еуропалық иммундау апталығын 53 мемлекет қолдап отыр. Жалпы елімізде инфекциялық ауруларға қарсы 21 вакцина салынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады
06.08.2025ж. 12:31

Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Жаңа орталық жылына 100 баланы қамтуға мүмкіндік береді
Нарколог маман Құрбан Айтжановтың айтуынша, есірткіге тәуелді адам қылмысқа оңай барады
Бұл бастама дәрігерлерге шабуыл оқиғалары жиілегендіктен көтеріліп отыр.
Құрылтайға Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандары қатысуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →