×

МӘМС жүйесі: Ринат Зайытов жаңа заң жобасын мақтады

Алайда депутаттың сөзінше, бұл жерде ең үлкен мәселе бар

МӘМС жүйесі: Ринат Зайытов жаңа заң жобасын мақтады
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС жүйесі бойынша қабылданған жаңа заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, азаматтар МӘМС жүйесі бойынша жаңа заң жобасында көп нәрсеге қол жеткізеді.

“Мәселен, дәрілердің түрлерінің өзінде қажет емес дәрілерге бөлініп жатқан ақшалар бар, сыртқа кетіп жатқан ақшалар бар. Сосын басында заң жобасы келгенде кепілдірілген міндетті мемлекеттік тегін қызмет көрсетудің ақшасын қысқарту болды. Ал қазіргі заң жобасы сол уақыттан бергі жұмыс тобымен трансформациядан өткен жоба. Енді қазір тағы бірқатар өзгерістер бергіміз кеп отыр, солардың барлығы еніп жұмыс істеп кететін болса, әрине, бұл МӘМС жүйесінің жұмыс істеуін жақсы жетілдіреді”, – деді депутат.

Алайда депутаттың сөзінше, бұл жерде ең үлкен мәселе бар.

“МӘМС-ке ақша жинаймыз дейміз, бірақ Абай облысында облыстық аурухана жоқ, ал кейбір аудандарда емханалар жоқтың қасы, жабдықталмаған. Қай бетімізбен сұраймыз біз ақшаны?! Осы жерді ойлану керек. Алдымекн аудандардағы ауруханаларды дайындағанша, не жеңілдік береміз, немесе тоқтатата тұрармыз жарна беруді. Себебі ол жақтың халқы ол ауруханалар салынып біткенше өз күндерін өздері көріп, өздері әрекет етеді”, – деді Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады
06.08.2025ж. 12:31

Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Жаңа орталық жылына 100 баланы қамтуға мүмкіндік береді
Нарколог маман Құрбан Айтжановтың айтуынша, есірткіге тәуелді адам қылмысқа оңай барады
Бұл бастама дәрігерлерге шабуыл оқиғалары жиілегендіктен көтеріліп отыр.
Құрылтайға Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандары қатысуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →