×

«Біреудің көмегіне тәуелді болып қалады»: Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты бастама көтерді

Ол әлем елдері мұнымен күресті бастап кеткенін тілге тиек етті. 

«Біреудің көмегіне тәуелді болып қалады»: Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты бастама көтерді
ortcom.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында 50 жастан асқан әйелдерге төнген қауіп туралы айтты, деп хабарлайды qaz365.kz.

Остеопороз – тым кеш еске алатын дерт. Күнделікті әңгімеде де бұл тақырып көп қозғалмайды. Бірақ шын мәнінде бұл ауру 50 жастан асқан миллиондаған әйелдің өміріне кері әсер етіп отыр. Остеопороз – жай ғана сүйектің әлсіздігі емес. Ол аяқ-қолдың сынуы, операциялар, ұзақ оңалту кезеңі. Кейде адам тіпті жүріп-тұру мүмкіндігін жоғалтып, өзге біреудің көмегіне тәуелді болып қалады. ДДСҰ деректері бойынша, 50 жастан асқан әрбір үшінші әйелдің сүйегі остеопороз салдарынан сынады, – деді Аймағамбетов.

Мәжілісмен сөзіне тұздық болуы үшін әлемдік тәжірибеден мысал келтірген. Айталық, The Guardian басылымы Ұлыбританияда әрбір екінші әйел осы дерттің салдарымен бетпе-бет келетінін жазады. Ал Жапония, Корея, Франция, Швеция секілді елдерде бұл мәселе әлдеқашан ескерілген. Яғни остеопорозға скрининг ұлттық денсаулық сақтау бағдарламасына кіргізіп қойған.

Қазақстанда, өкінішке қарай, бұл тақырып әлі де назардан тыс қалып отыр. Сондықтан біз Денсаулық сақтау министрлігіне арнайы ұсыныс жолдадық: 50 жастан асқан әйелдерге остеопорозға скрининг енгізу керек деп. Бұл жай қағаз жүзіндегі шешім емес. Бұл дегеніміз аналарымыздың, әжелеріміздің, мұғалімдер мен дәрігерлердің – өмірін өзгеге арнаған әйелдердің денсаулығы туралы, – деп жазды ол. 

Депутат бұл скринингті ұлттық скрининг тізіміне енгізу үшін жұмыс жүргізіп жатырғанын жеткізді. Сонымен қатар бұл жайлы әр адам егде жастағы анасымен, әжесімен сөйлескені жөн дегенді алға тартты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті
13.06.2025ж. 15:20

Түркістанда Түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы өтті

Құрылтайға Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Түрікменстанның, Ресейдің, Беларусьтың, Германияның, Италияның, Португалияның және Австралияның жүзден астам көрнекті мамандары қатысуда
Оған Нұрлыбаев сұрақты түсінбей, басқаша жауап берді
Қазіргі таңда 200-ден астам отандық өндірушінің  34-і  мемлекеттік қолдауға ие болған
Бұл инфкекция – әлем бойынша балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →