×

Медициналық ұйымдардың артында «көкелер мен жәкелер» отыр – Бақытжан Базарбек

Аудиторлық қорытынды болса көптеген медициналық ұйымдар қызметін жалғастырып жатқанын көрсеткен

Медициналық ұйымдардың артында «көкелер мен жәкелер» отыр – Бақытжан Базарбек
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек МӘМС-ке қатысты заңға депутаттар маңызды өзгеріс енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін күні бойы МӘМС-ке байланысты жұмыс тобының соңғы жиналысы болды. Сол отырыста бірнеше депутаттың ұсынысын жұмыс тобы толық қолдады. Кезінде Денсаулық сақтау министрлігінде бұрын рұқсаты, лицензиясы жоқ болса да, жұмыс істеп жатқан медициналық ұйымдардың жұмысын тоқтатуға ешқандай өкілеттігі болмаған еді. Ол өкілеттілікті бұрын Дуинг Бизнес рейтингіне кіру үшін ол өкілеттіктердің бәрін алып тастаған. Соның кесірінен Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық ұйымдарға тісі батпай жүрді. Сол уақытта аралығында кішігірім медициналық ұйымдар алпауытқа, мафияға айналып кетті. Солайша заңсыз қызметін күшейтіп жіберген. Соның салдарынан халықтың денсаулығы зардап шекті. Лицензиясыз медициналық қызметті жүргізуге негізі жол беруге болмайды», - деді Базарбек Мәжіліс кулуарында.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, аудиторлық қорытындысын өзі жариялағаны үшін кейбір медициналық мекемелер өзін сотқа берген. Аудиторлық қорытынды болса көптеген медициналық ұйымдар қызметін жалғастырып жатқанын көрсеткен. 

«Олар МӘМС-тің ақшасын қалтасына салып отырды. Әлі де лицензиясы жоқ біраз медициналық ұйымдар дөкейлерді, биліктегі көкелері мен жәкелерін пайдаланып, өз жұмысын атқарып отыр. Соларға бүгін балта шаптық. Қазақша айтқанда, жұмыс тобы толық қолдап, біз Денсаулық сақтау министрлігіне бақылау функциясын бердік», - деді депутат.

Министрлік енді заңсыз медициналық ұйымдардың жұмысын тоқтата алады. 

Қазір депутаттың өзі медициналық мекемелермен соттасып жүр. Медициналық ұйымдар депутаттың үстінен «абыройымызға кір келтірді» деп айып таққан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шығыс Қазақстан облысында жайлы болашақ құрылуда: ондаған мектеп, медициналық нысандар мен тұрғын үйлер пайдалануға берілді және салынып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →