×

Күйзелістен қалай құтыламыз?

Күйзелістің ішкі және сыртқы факторлары болады.

Күйзелістен қалай құтыламыз?
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі отбасылық психолог Ержан Мырзабаев Хабар арнасының «Оян» бағдарламасына берген сұхбатында күйзелісті жеңуге керек кеңестер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ержан Мырзабаев әуелі күйзеліс, депрессия, апатияның айырмашылығына тоқталды.

«Адам қандай да бір түсініксіз жағдайда, күтпеген жағдайда алдымен күйзеліске түседі. Одан кейін стрестік жағдай уақтылы шешілмесе, тұлға өзін қолға алмаса, онда ол ары қарай созылмалы түрде депрессияға айналады. Ал депрессия уақтылы шешілмейтін болса, ол апатияға апарып соғады. Апатиядан адам өз-өзіне қол салуы яғни, суицидке дейін баруы мүмкін», - дейді ол.

Стресске әсер ететін факторлар

Психологтың айтуынша, күйзелістің ішкі және сыртқы факторлары болады. Сыртқы факторларға күтпеген кептеліс немесе жұмысқа келе жатқанда есік алдында бастығының ұрсуы сияқты мысалдарды келтіруге болады. Әрбір күтпеген ұнамсыз жағдай адамды стреске түсіреді. Оның пайдалы жақтары да бар. Стресске түскен кезде организм өзін күшейтеді де, мәселеге қарсы жұмылдырады.

Одан бөлек ішкі факторлар бар. Оның біріншісі – өзіне сенімсіздік. Ондай адамдар кез келген жерде уайымға салынады. Мәселен, «Анау мен туралы не ойлайды екен» деген сияқты. Өзін-өзі жей береді. Екіншіден, өзін-өзі төмен бағалайтын адамдар көп жағдайларда керексіз, орынсыз іске түсе береді. Үшіншіден, тұрақсыздық. Адам баласы тұрақсыз және уайымшыл болған кезде стресске жиі түседі.

Күйзелістен шығудың жолдары

Сондай-ақ ол күйзеліске ұшырамаудың және күйзелістен шығудың жолдарын айтты.

«Бұл жерде орта маңызды фактор болып табылады. Кіммен араласып, қандай ортада жүрсің, соған да байланысты болады. Егер позитивті ортада жүрсең, сені бағалайды, түсінеді, саған сенім білдіреді. Ол жерде күйзеліс көп бола бермейді..Стресс эмоцияны шығара алмағаннан болады. Ренжитін жерде өтірік күлесіз. Күйзелісте эмоциямен қатар күрес жүреді. Өзімізбен-өзіміз сөйлесе бастаймыз. Мұндай жағдайды болдырмас үшін орта керек, эмоцияны шығара білу керек. Өзіңізге ренжуге, жылауға мүмкіндік беріңіз. Ашуланып жатсаңыз, ашуыңызды шығарыңыз. Өзіңіздің ішкі эмоцияларыңызды шығару қажет. Содан спортпен айналысу керек. Спортпен жүйелі түрде айналысқан адамдар стрессті уақтылы шығарады», - дейді отбасылық психолог Мырзабаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үлкен кісінің қолына неге су құю керек?
19.09.2024ж. 11:18

Үлкен кісінің қолына неге су құю керек?

Жақында Қанат пен Света Айтбаевтар «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →