×

Үй жағдайында езілмейтін тұшпара дайындау: дәмді әрі оңай рецепт

Бұл тағамның атауы әр елде әртүрлі аталады

Үй жағдайында езілмейтін тұшпара дайындау: дәмді әрі оңай рецепт
ne-dieta.ru

Хинкали, манты, цзяо чи сияқты тұшпаралардың аналогтары әлемдік аспаздыққа бұрыннан белгілі. Сонда тұшпара қайдан пайда болды? Бұл қай ұлттың тағамы екені осы күнге дейін белгілі емес. Орыс және Сібір асханалары тұшпараларды өздерінікі деп бұрыннан мойындаған. Осы орайда Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Анель Пимичева Хабар арнасының «Оян» бағдарламасында өздерінің ұлттық тағамы ретінде саналатын тұшпара дайындау әдісін бөлісті, деп жазады Qaz365.kz.

Тұшпара дайындау әдісі
Украин этносының өкілі Анель Пимичева тұшпара қай елде алғаш пайда болғаны белгісіз екенін айтты. Сондай-ақ езілмейтін тұшпараны дайындау әдісін бөлісті.

«Қай елде алғаш пайда болғаны тарихта әлі белгілі емес. Сонда да біз оны ұлттық тағам деп санаймыз. Тұшпара жасаудың алғашқы кезеңі қамыр илеуден басталады. Қамыр илеу үшін ұн, екі жұмыртқа және су мен тұз дайындаймыз. Ал салмасы үшін сиыр немесе құс етін пайдалана аламыз. Сонымен қатар жуа мен пияз және картоп қосылады. Ұнға екі жұмыртқаны қосып араластырамыз. Содан тұзды суды қосып араластырып илейміз. Пияз, сарымсақ турап, картопты үккіштен өткізу керек. Дәміне қарай тұз, бұрыш салып араластыру керек. Тұшпараны түйгеннен кейін 5-10 мин қайнатып пісіреміз», - деді Анель Пимичева. 

Тұшпараны дайындағанда нені ескеру керек?
Біріншіден, ұнын көп қосуға болмайды.
Екінші, суы керекті мөлшерде болу керек. Сонда қамыры қаттырақ шығады. 

Түрлі-түсті тұшпаралардың ерекшелігі қандай? 
Олардың қамырын дайындау әдісі өзгеше. Себебі түрлі-түсті қамыр илеу үшін оған брокколи, томат пастасы сияқты қоспалар қосылады.

Бұл тағамның атауы әр елде әртүрлі аталады. Мәселен, Жапонияда «гедза», Италияда «равиоли», Қытайда «вонтон», Грузияда «хинкали» деп аталады екен. Тұшпараны кезінде «нанқұлақ» деп атаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Күйзелістен қалай құтыламыз?
25.11.2024ж. 22:20

Күйзелістен қалай құтыламыз?

Күйзелістің ішкі және сыртқы факторлары болады.
Жақында Қанат пен Света Айтбаевтар «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді
Ғалымның тілтанымдық тұжырымдары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →