×

40-50 жастан кейін асқазанға қандай тағамдар зиян

Ағзаны 40 жастан кейін пайдалы тағамдармен байыту керек

40-50 жастан кейін асқазанға қандай тағамдар зиян
senate.parlam.kz

Адам қартайған сайын асқазаны белгілі бір тағамдарды, әсіресе қызыл етті сіңіре алмайды, деп ескертеді гастроэнтерологтар. Олардың айтуынша, бұл өнімді аптасына бір-екі реттен артық тұтынбау керек. Сондай-ақ, дәрігер  Анастасия Тимощенко тұздың, бояғыштардың, хош иістендіргіштердің және тұрақтандырғыштардың көп болуына байланысты шұжықтар және өңделген тағамдар мен ет өнімдерінің қауіптілігін айтты, деп жазады Qaz365.kz порталы News.ru порталына сілтемемен.

40 жастан кейін асқазанға зиян тағамдар: 
•    Өңделген ет: шұжықтар, жартылай дайын өнімдер, өңделген тағамдар — олардың құрамында тұз, консерванттар мен қоспалар бар. 
•    Тұзды тағамдар: тұздықтар, фастфуд және тұзы көп қосылған дайын тағамдар. 
•    Тез дайындалатын тамақ: фастфуд және тез дайындалатын тағамдар.
•     Қызыл ет: аптасына бір-екі реттен артық тұтынбау керек.

Сонымен қатар маман газдалған сусындарға, қант қосылған тағамдарға және ащы тағамдарға абай болуға кеңес береді. Тимошенконың айтуынша, дәмдеуіштер асқазанды қыжылдатуы мүмкін, ал энергетикалық заттар асқазанды тітіркендіреді, әсіресе, аш қарынға қолданғанда. 

50 жастан кейін бұл тізімге қосылатындар: 
•     Сүт: іш кептіріп ыңғайсыздық сезімін тудыруы мүмкін. 
•    Кофе: шамадан тыс көп мөлшерде ішкен кезде асқазанның ауырсынуын тудыруы мүмкін.

40 жастан кейін қандай тағамдар пайдалы?
Эндокринолог Екатерина Янг 40 жастан кейін диетаны пайдалы тағамдармен байыту керек екенін айтады. Мәселен:
Ішкі өнімдер: темір мен мырыш деңгейін сақтауға көмектеседі. 
Цитрус: денені С дәруменімен байытады. 
Жаңғақ пен балық: құрамында жүрекке пайдалы Омега-3 май қышқылдары бар. 
Көкөністер: гормоналды тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
 Мұндай тағамдар жастықты сақтауға, асқазанды сау ұстауға және күш-қуатты болуға көмектеседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үй жағдайында езілмейтін тұшпара дайындау: дәмді әрі оңай рецепт
28.11.2024ж. 12:05

Үй жағдайында езілмейтін тұшпара дайындау: дәмді әрі оңай рецепт

Бұл тағамның атауы әр елде әртүрлі аталады
Күйзелістің ішкі және сыртқы факторлары болады.
Жақында Қанат пен Света Айтбаевтар «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді
Ғалымның тілтанымдық тұжырымдары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →