Ол Артур Беккер орденінің 3 дәрежесінің бәрімен марапатталған жалғыз қазақ
Бүгін Елорда төріндегі келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам генерал-лейтенант, отандасымыз Жансен Кереевтің Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Генерал-лейтенант Жансен Кереев – Кеңес дәуіріндегі алғашқы кәсіби қазақ қолбасшыларының бірі. Оның қатардағы жауынгерден ең ірі дивизияның командиріне дейінгі жолы асқан ерлік пен Отанға деген адалдықтың символына айналды.
Жансен Кереев 1930 жылдың 1 қаңтарында Ақтөбе облысында дүниеге келген. М.В. Фрунзе атындағы әскери академияны және КСРО Қарулы Күштері Бас штабының академиясын алтын медальмен тәмамдап, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Ол Германиядағы Кеңес әскерлерінің құрамындағы элиталық бөлімшелерге қолбасшылық етіп, Приволжье әскери округінде жоғары лауазымдар атқарды.
1982 жылы Вьетнамға аға әскери кеңесші ретінде жіберіліп, Вьетнам Қарулы Күштерінің дамуына және қорғаныс қабілетінің артуына үлес қосты. Жансен Кереев – Германияда «Қарулас бауырластық» медалімен және Артур Беккер орденінің 3 дәрежесінің бәрімен марапатталған жалғыз қазақ. 1983 жылы дүниеден өткен ол Алматыда, қазақ халқының тағы бір даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының қасына жерленді.
Хо Ши Миннің бастамасымен Вьетнамның ең жоғары әскери наградасы – Қызыл Ту орденімен марапатталған.