×

Баланы смартфонмен қашан таныстыру керек - сарапшы кеңесі

Баланың қолына қай жастан бастап электронды құрылғыны берген дұрыс 

Баланы смартфонмен қашан таныстыру керек - сарапшы кеңесі

Экранға телмірген ұрпақтың ертеңі қандай болмақ? Бұл сұрақ бүгінде ата-аналар мен педагогтарды ғана емес, бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Смартфонсыз өмірді елестете алмайтын заманда баланы технологиямен қай жастан таныстырған дұрыс? Шектеу қай жерде аяқталуы керек? Отбасы құндылығы кеңесшісі, сарапшы Қазим Мұстақимұлының «Балаңызды гаджеттен қорғаңыз» кітабында осы сауалдарға ғалымдар мен дәрігерлердің нақты зерттеулері арқылы жауап берген. Qaz365.kz тілшісі сарапшының пайым-пікірін сөзбе-сөз келтіреді.

0-2 жас: Экраннан алыс ұстаңыз

OSF HealthCare педиатры доктор Амиера Науманның өте маңызды және тез нәтиже беретін ережесінде 1-2 жасқа толмағандарға экранға қарауға мейлінше тыйым салуды дұрыс деп қарайды. Себебі Доктор Науманның айтуынша, мидың нейрондық желілері алғашқы бес жылда және екі жасқа толғанға дейін ең жылдам дамып жетілетін кезең болғандықтан, тіл және есте сақтау сынды күнделікті қажеттілік сауаттылық дағдыларды бала күнделікті өмірде, отбасындағы ата-анасы немесе аға-бауырлары сынды туыстарымен дұрыс әрі тұрақты түрде жеке қарым-қатынас жасау арқылы жақсырақ үйренеді дейді. 

«Олардың санасы кітаптармен, ән айтумен, ойнаумен өсіп жетіліп, толысуы керек, білесіз бе, оларды қозғалысқа келтіріп, олар үшін ойын бөлмесін жасау керек... Шынымен олармен жеке, әлеуметтік деңгейде араласу керек», – деп кеңес береді Доктор Науман.

Бұл туралы отандық дәрігер психология ғылымдарының докторы, профессор Раушан Каримова:

«Цифрлық аутизм көбінесе балаларда байқалады. Бұл бала бастапқыда өз жасына сәйкес қалыпты дамып, әдетте екі-үш жасқа дейін дамиды, бірақ содан кейін ол телефонға тәуелді болады және ол енді сыртқы әлемді қажет етпейді. Бала енді оның атына жауап бермейді және сөйлеуді тоқтатады. Ол бәріне немқұрайлы қарайды, сезім жүйелері көп нәрсені сезуден қалады», – деп түсіндірді.

3-5 жас: Экран уақыты 1 сағаттан аспасын

Нәресте екі жасқа толған кезде олар тікелей бейне чат пен кейбір интерактивті сенсорлық экрандар арқылы бейне баяндардан сөздерді үйрене бастайды, бірақ доктор Науман «Зерттеулер көрсеткендей, ата-аналар олармен бірге көріп, қандай мазмұндағы ақпараттарды көрсететінін алдын-ала қадағалап, белгілі бір шектелген уақытпен көрсету қажет екенін үйреткенде ғана олар осылай үйрене алады» дейді.

3-5 жаста доктор Науман американдық педиатрия академиясымен келіседі, экран уақытын 1 сағаттан асырмау – ең маңызды ереже дейді. Дегенмен, педиатрлар барлық смартфон қолданбалары баланың дамуымен айналысатын мамандардың көмегімен жасалмайды, ақылды телефонға арналған бағдарламаларды жасаған кезде бала психологиясымен немесе педагогикасымен айналысатын мамандардың кеңесі шет қалады дейді.

6-16 жас: Тепе-теңдік пен тәртіп маңызды

Педиатрлар, соның ішінде, доктор Науман мектеп жасындағы балалардың ата-аналары үшін олармен бірге теледидар көру және кез келген компьютерді немесе экранды пайдалануды бақылау маңызды дейді. Экран уақытын басқа салауатты әрекеттермен теңестіру маңызды. Доктор Науман жасөспірімдерді экран уақытының әр бір сағаттан кейін 15 минут басқа іспен белсенді түрде айналысуды дәріптейді, мысалы, көз гимнастикасы, терезеден сыртқа көз жүгірту, кітап оқу, айналасындағылармен сөйлесу т.б. 

Бұл жастағы балалар үшін ғалымдардың кеңесі экран алдындағы уақыт, онлайн орындалатын үй тапсырмасын қоспағанда жалпы экран алдында болатын уақыт күніне 2 сағаттан асырмауды баса айтады. 

Ұйқы – цифрлы сәуленің құрбаны

Ғалымдардың зерттеулерінен келген дәлелдер ұйықтайтын бөлмелерде немесе ұйықтар алдында бөлмеде электронды құрылғылардың қосулы болуы ұйқыға теріс әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Доктор Науман көк жарықтың адамның уақытында дұрыс ұйықтауына кері әсер ететінін айтады, ұйықтайтын бөлмеде кез келген жарық шығаратын құрылғының болуы немесе жартылай сөнбейтін диодты шамдар мен электронды құрылғылардан шығатын сәулелер адам денесінен ұйықтаған кезде бөлінетін мелатонин гормонның бөлінуін баяулатады, сол себепті бөлмеде жарық болған немесе электронды құрылғы қосулы болған кезде баланың ұйқысы қанша ұйықтаса да қанбаған болып оянады, соның салдарынан балада үнемі стресс, ашушаң, шаршағыш, сабаққа деген ынтасы төмен, тамаққа тәбеті жоқ болып жүреді.

Ақылды қолдану – ақылға сыйымды ма?

Енді бұл смартфонды немесе түрлі гаджеттерді оятқыш ретінде пайдаланбауы керек дегенді білдіре ме? Доктор Науман бұл сұрақтың жауабы балаға байланысты дейді.

«Мысалы, балаңыз мектепте жақсы оқиды делік, сіз күнделікті онымен дұрыс қарым-қатынас жасайсыз, қолындағы смарт телефонын ол үнемі дұрыс нәрселерге пайдаланады. Ол сіздің жасаған әкелік немесе аналық қамқорлығыңыздың негізінде бала ретінде қолынан келгеннің бәрін дұрыс әрі жақсы жасайды, сіз әлеуметтік және академиялық тұрғыдан оның дамуына барынша күш саласыз, үйде және қоғамда не істеу керек екенін білесіз және сіз оларға сенесіз әрі оның не істеп жатқанын телефоныңыздағы балаларға арналған түрлі қадағалау бағдарламаларынан онлайн бақылап отырасыз. Жалпы бұл жақсы бала мен ата-ана ортасындағы жақсы көрсеткіш. Олар телефондарын оятқыш ретінде қосып ұйықтайтын бөлмесіндегі шкафта ұстап, таңертең төсектен өз бетімен оянуға қолдана алады».

Дегенмен, доктор Науманның айтуынша, егер сізде компьютерлік ойындарды көп ойнайтын немесе достарымен бірге әлеуметтік желілерде тым көп отыратын бала болса, оларға жатын бөлмеде телефон ұстауға тыйым саласыз. 

Американдық медициналық қауымдастықтың журналындағы зерттеуіне негізделсек, нөлден төрт жасқа дейінгі балалардың барлығы дерлік (96,6%) мобильді құрылғыларды пайдаланады, ал 75% баланың бүгінгі таңда өз құрылғылары бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ даласына Чехиядан әкелінген керқұландар жіберілді
04.06.2025ж. 09:42

Қазақ даласына Чехиядан әкелінген керқұландар жіберілді

 Қазақстанға Еуропадан кем дегенде 40 жабайы жылқыны бұрынғы мекеніне қайтару міндеттері жазылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →