×

Түркістан облысы тұрғындарына ескерту жасалды

Облыс тұрғындарының назарына

Түркістан облысы тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: vera.kz

Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 92-бабының 3-тармағында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап бір жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатататындығы көрсетілген.

Сонымен қатар осы баптың 4-тармағында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайлары көрсетілген:

1) егістікте – жер учаскесін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін өңдеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілмеуі;

2) шабындықтарда – жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;

3) жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайызынан аз болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;

4) көпжылдық екпелерде – егісті күтіп өсіру, жинау жұмыстарының жүргізілмеуі және есептен шығарылған көпжылдық екпелердің тамырларының алынбауы жатады.

Сондай ақ, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 509-бабының 5-тармағында бұзушылықтар анықталған жағдайда осы кодекстің 503-баптың талаптарына сай базалық салық мөлшерлемелерін пайдалана отырып, Түркістан облысының кірістер департаментімен жазбаша нұсқама табыс еткен күннен бастап салық мөлшерін жиырма есеге ұлғайту көрсетілген.

Сондықтан мақсатына сай пайдаланбаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінізді өз еріктеріңізбен мемлекет меншігіне қайтаруды сұраймыз», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
93 блогерге ескерту қателікпен жіберілген: Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады
Кеше, 15:55

93 блогерге ескерту қателікпен жіберілген: Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады

Бұған дейін салық органдары 600-ге жуық блогер табысын өтірік көрсеткені айтылған
5 жыл бойы оқу ордасының спорттық алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланылып келген
Ол Telegram мессенджері арқылы белгісіз "кураторлардан" нұсқаулар алып отырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →