×

"Күніне 200 доллар сыйақы": Рудныйда шетел азаматы күнделікті интернет алаяқтықпен айналысып отырған

Ол Telegram мессенджері арқылы белгісіз "кураторлардан" нұсқаулар алып отырған

"Күніне 200 доллар сыйақы":  Рудныйда шетел азаматы күнделікті интернет алаяқтықпен айналысып отырған
Сурет: Бейнеден кадр

Қостанай облысы Рудный қаласында күнделікті емін-еркін интернет-алаяқтықпен айналысып жүрген шетелдік азамат тұтқындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қостанай облысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, сим-бокстардың заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді. Рудный қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Тексеру нәтижесінде оның Қазақстанға алаяқтық әрекеттер жасау мақсатында арнайы келгені анықталды. Жедел уәкілдер күдіктінің жалға алған пәтерін тінту барысында қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтарды тапты. Оның ішінде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге пайдаланылған SIM-бокс құрылғысы, интернет-маршрутизатор, екі IMEI коды бар ұялы телефон, қазақстандық ұялы операторлардың 1200-ден астам SIM-картасы, сегіз банктік карта және авиабилеттер тәркіленді. Күдікті SIM-боксты басқару үшін Telegram мессенджері арқылы белгісіз "кураторлардан" нұсқаулар алып отырғаны анықталды. Ол осы әрекеттері үшін күн сайын 200 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған”, – делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Қазіргі таңда бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Рудный қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
93 блогерге ескерту қателікпен жіберілген: Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады
Бүгін, 15:55

93 блогерге ескерту қателікпен жіберілген: Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады

Бұған дейін салық органдары 600-ге жуық блогер табысын өтірік көрсеткені айтылған
5 жыл бойы оқу ордасының спорттық алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланылып келген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →