×

ҚазҰПУ-дағы заңсыздық: 16 мың студенттің дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндігі болмаған

5 жыл бойы оқу ордасының спорттық алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланылып келген

ҚазҰПУ-дағы заңсыздық: 16 мың студенттің дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндігі болмаған
Сурет: Ернур Исенбаев/2gis.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкі заңсыз сатылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы мәлімдеді.

“Спортты бірлесіп дамытамыз деген көзбояушылықпен Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс
саябағында орналасқан алаңы 5 гектардан асатын спорт стадионы 10 жылға үшінші тұлғаларға берілген. 5 жыл бойы футбол алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланылып келген. Ал 16 мың студенттің дене шынықтырумен толық айналысуға және спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі болмаған", –  деп жазылған хабарламада.

Медеу ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерімен мүлік ұлттық университет меншігіне қайтарылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған
29.05.2025ж. 14:20

Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған

№15 колледж басшылығы оқуға қатыспаған сотталушыларға білім берген
Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген
Күдікті «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан
Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша қамауға алынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →