×

Жамбыл облысында қараусыз қалған үйден 170 келі есірткі табылды

Қылмыстық істі толықтай ашуға Макс атты қызметтік иттің көмегі тиген

Жамбыл облысында қараусыз қалған үйден 170 келі есірткі табылды
Сурет: Polisia.kz

 Жамбыл облысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі көлемде өткізу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жүргізген арнайы операция барысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тас жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктегі 51 жастағы жолаушының жанынан 1,5 келі гашиш есірткісі табылды. Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны аталған тыйым салынған затты Шу ауданының 47 жастағы тұрғынынан 170 000 теңгеге сатып алғанын мойындады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, оның Шу ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Полицейлер оның үйінің ауласын тінту кезінде Макс атты қызметтік иттің көмегімен жасыл түсті өсімдік қалдықтары салынған ыдыс пен елек табылды. Сонымен қатар күдіктінің үйінің қарама-қарсы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимаратты тексеру кезінде жалпы салмағы 26 келіден асатын гашиш пен 143 келіден астам кептірілген марихуана салынған полиэтилен қаптар тәркіленді”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері есірткі тасымалына қатысты қылмыстық тізбекті толықтай ашу мақсатында тергеу жұмыстарын жалғастыруда.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алимент төлемеген борышкер 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды
Бүгін, 09:40

Алимент төлемеген борышкер 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды

Ол 3 жыл бойы өз міндеттемелерін орындамай келген
Олар бұл үшін 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланған
6,8 млн теңге ұтыс ретінде қолма-қол алғанымен борышын өтемеген
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →