×

"Мүлікті үшінші тұлғаға рәсімдеп үлгерген": Астаналық екі қаржы пирамидасына сот үкімі шықты

Жалпы  келтірілген 490 млн теңге шығынның тек 72 млн теңгесі ғана өтелген

"Мүлікті үшінші тұлғаға рәсімдеп үлгерген": Астаналық екі қаржы пирамидасына сот үкімі шықты
Сурет: Halyq Uni

Астанада «Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тергеп-тексеру ісі Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен жүргізілген.

Тергеу барысында күдіктілер өздерін әлеуметтік желілерде табысты кәсіпкерлер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерлерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынғаны анықталған. Инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90%-дан асатыны айтылды. Сонымен қатар, салымшылар әр жаңа тартылған қатысушы үшін жарнасынан 10% қосымша пайда алған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асқан.

“Қылмыстық істе күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елорданың премиум санатындағы құны 69,5 млн теңге тұратын пәтер сатып алып, қайынен есіне ресімдеген. Алайда сотқа дейінгі тергеу басталғанын білген соң, мүлікті тәркілеуден жасыру мақсатында үшінші тарапқа рәсімдеп үлгерген. Дегенмен, тергеу барысында бұл мәміленің жалған екендігі дәлелденіп, сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды. Тергеу барысында күдіктілер жәбірленушілерге 72 млн теңге көлемінде шығынды өтеді. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған пәтер мен автотұрақ тәркіленіп, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін берілді”, – делінген агенттіктің хабарламасында.

 Сот үкімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Қаржы пирамидасын құру және басқару»), ал күдіктілердің бірі қосымша ҚР ҚК 218-бабы 1-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алимент төлемеген борышкер 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды
Бүгін, 09:40

Алимент төлемеген борышкер 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды

Ол 3 жыл бойы өз міндеттемелерін орындамай келген
Олар бұл үшін 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланған
6,8 млн теңге ұтыс ретінде қолма-қол алғанымен борышын өтемеген
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →