×

Алматыда 99 лауазымды тұлға, 74 басшы жауапқа тартылды

Лауазымды тұлғаларға жауаптылықтың болмауы, сыбайлас-жемқорлық қауіптерін тудыру айыптары тағылған

Алматыда 99 лауазымды тұлға, 74 басшы жауапқа тартылды
Сурет: qyzyljarnews.kz

Алматыда 100-ге тарта лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту шаралары қабылданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаасы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Сатып алуды ұйымдастырушылардың мәліметтерді ЖҚТ-ға енгізу үшін уәкілетті органға уақтылы жолдамағаны немесе толық түрде жолдамағаны туралы фактілері анықталды.Мемлекеттік мекемелер басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, сондай-ақ кәсіпкерлердің жауаптылықтан айналып өту белгілерінің болуы,тапсырыс берушілер тарапынан сыбайлас жемқорлық қауіптерін тудырды. Аталған бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарау нәтижесінде 99 лауазымды тұлға, оның ішінде 74 басшы тәртіптік жауаптылыққа тартылды",– делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жолданған. Оны қарау қорытындысына сәйкес сот, мемлекеттік сатып алулармен байланысты сот актілерін орындауда анықталған кемшіліктерді түзету бойынша бірқатар шаралар қабылдаған.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған
29.05.2025ж. 14:20

Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған

№15 колледж басшылығы оқуға қатыспаған сотталушыларға білім берген
Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген
Күдікті «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан
Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша қамауға алынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →