×

"SDU-да оқып келдім": Маңғыстаулық 7 педагог жалған құжатпен ұсталды

Олар біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы құжат жасатқан

"SDU-да оқып келдім": Маңғыстаулық 7 педагог жалған құжатпен ұсталды
Сурет: kaz.inform.kz

 

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 7 педагогы білім беру мекемелерінде жалған құжатпен жұмыс жасап келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бейнеу ауданы прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтарды анықтады. Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталды. «Ә» есімді педагог 2024ж. наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қ.) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс жасаған. Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

ҚР Бас прокуратурасы жалған құжат жасау, жасату заңдық тұрғыдан жауапкершілікке тартылатынын есертіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →