×

Сот Перизат Қайраттың "Biz Birgemiz Qazaqstan" бірлестігін таратты

Ол 10 құрылтайшының 9-ның атынан құрылтай құжатына қол қойған

Сот Перизат Қайраттың "Biz Birgemiz Qazaqstan" бірлестігін таратты
Сурет: instagram.com/01pk

Сот Перизат Қайраттың "Biz Birgemiz Qazaqstan" қоғамдық бірлестігін таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған экономикалық соты шешім шығарған.

“Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешімін қабылдап, қанағаттандырды. Сотқа Әділет департаменті шағымданған. Заңды тұлға 2021 жылы 11 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен. Бірлестіктің құрылтайшысы 10 адам. Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, 10 құрылтайшының 9-ның атынан құрылтай құжатына Перизат Қайрат қол қойғаны анықталды”, – делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ ол су тасқынынан зардап шеккендер мен Палестина тұрғындарына көмек ретінде жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кез келген есірткі түрінің өндірісі мен сатылымына қатаң тыйым салынуы керек – Тоқаев
Кеше, 14:50

Кез келген есірткі түрінің өндірісі мен сатылымына қатаң тыйым салынуы керек – Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл әлеуметтік кеселдің белең алуына қатысты ахуал елімізде де, халықаралық ауқымда да алаңдатарлық жағдайға жетті.
Қаржылық мониторингі агенттігі ұсталғандар түскен пайдаға Астанадан екі пәтер, төрт көлік сатып алғанын жария етті
Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімге шағымданды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →