×

Алматыда Африка құрлығынан келгендер зауытта заңсыз жұмыс істеген

Жергілікті рейдтер барысында 29 шетелдік анықталды

Алматыда Африка құрлығынан келгендер зауытта заңсыз жұмыс істеген
Сурет: ҚР ІІМ

Алматыда Африка құрлығынан келгендер зауытта заңсыз жұмыс істеп келген,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Алматыда көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтауға және алдын алуға бағытталған “Заңсыз келуші” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Жергілікті рейдтер барысында 29 шетелдік анықталды. Олардың 25-і қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс істесе, тағы төртеуі Африка контингентінен келіп зауытта жалпы еңбек міндеттерін атқарған. Тағы екі шетелдік заңсыз жолаушылар тасымалдап, такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Шетелдіктердің барлығы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды”, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Алматы полициясы көші-қон ережелерін сақтау елдегі құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі екенін еске салып отыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның айтуынша, оқиға жұмыс күнінің соңында, әкімдік ғимаратынан шыққан сәтте басталған.
Қатысушылардың бірінің қолынан пышаққа ұқсас зат байқауға болады. 
Ернар Жиенбай Руслан Берденовті атқаннан кейін әкім Ғабит Сыздықбеков әкімдік ғимаратының алдына шығып, жағдайды өз көзімен көрген 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →