×

15 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 38 жастағы ер адам қамауға алынды

Сорақы жағдай Абай қаласында болған

15 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 38 жастағы ер адам қамауға алынды
Фото: Рамиль Ситдиков / РИА Новости

Қарағанды облысында 15 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 38 жастағы ер адам қамауға алынды. Ал сол қаршадай қызды анасы мен өгей әкесі күдіктіге ұзатып жіберген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі KTK.kz-ке сілтеме жасап.

Сорақы жағдай Абай қаласында болған. Қаршадай қызды тұрмысқа бергеннен кейін, бала бес күн өткенде зар еңіреп өзінің туған әкесіне қашып келген. Ол бірден полицияға арыз жазған. Ал кәмелетке толмаған қыз психологтардың бақылауына алынған. Қаршадай қыз бен соқталдай азаматтың некесін кім қиғаны және қайда қиылғаны белгісіз. Оқушы қыз өткен жылдың қазан айнынан бері мектепке бармай, анасының арызы бойынша сабағын онлайн оқып келген. Бала құқығын қорғаушылар қыздың анасы мен өгей әкесін де жауапқа тартуды талап етіп отыр. Полиция зорлау бабы бойынша іс қозғаған.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

— 15 жастағы қызға қатысты қылмыстық іс әрекет жасаған 38 жастағы күдікті ұсталып, сараптама тағайындалып, оқиғаның мән жайы анықталуда. Кәмелетке толмаған жәбірленушімен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оның банктік шоты арқылы 4,8 миллион теңге қаржы шығарылған
Көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңға жуық фактісі анықталған
Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығы жоғары деп бағаланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →