×

Оралдық дроппер 7 облыстың тұрғындарын сан соқтырып келген

Оның банктік шоты арқылы 4,8 миллион теңге қаржы шығарылған

Оралдық дроппер 7 облыстың тұрғындарын сан соқтырып келген
Сурет: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы «WhatsApp» ақпараттық жүйесін қолданушылардан қаражат ұрлауға қатысы бар бір топ алаяқтарды сотқа берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы прокуратиурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Дроппер алаяқтық схемаларға белсене қатыса отырып, оның банктік шоты арқылы 4,8 миллион теңгеден астам ақшалай сома шығарылды. Жәбірленушілер арасында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, сондай-ақ Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындары да бар”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданы прокуратурасы айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2 және 3-бөлімдері бойынша сотқа берді. Ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырумен және мүлкін тәркілеумен жазалануы мүмкін.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →