×

Семейлік блогер полиция формасымен автонесиені жарнамалаған

Оның актерлік шеберлігін полиция қызметкерлері айыппұлмен бағалаған

Семейлік блогер полиция формасымен автонесиені жарнамалаған
Сурет: Бейнеден кадр

Семейлік блогер полиция формасымен автонесиені жарнамалап, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Абай облысында 22 жастағы семейлік жарнамаға креативті көзқараспен қарауды ұйғарып, полицей формасын киіп, жеңілдетілген автонесиелеуді жарнамалаған видеоролик түсірді. Алайда оның актерлік шеберлігін клиенттер емес, нағыз полиция қызметкерлері бағалады. Тексеру барысында оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Енді жарнамалық жетістік орнына — айыппұл, ал формалық киім тәркіленді”, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция ресми форма мен айырым белгілерін заңсыз пайдалану — құқық бұзушылық! Мұндай "эксперименттер" үшін айыппұл салынып, форма тәркіленетінін ескертіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Перизат Қайрат колонияда отырып табыс таба алады
Кеше, 16:58

Перизат Қайрат колонияда отырып табыс таба алады

Абай Қайырбековтің айтуынша, кез келген жұмыс белгілі бір біліктілікті талап етеді.
Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 10 мыңға жуық қылмыс алкогольдік мас күйінде жасалады.
Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты
ҚМА деректеріне сүйенсек, 18 блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →