×

Өсімпұлы 500%-ға дейін: Алматылықтар заңсыз несие алып алданып қалған

Осы іске қатысты 6 микро қаржылық ұйым мен 3 платформа жұмысы тексерілуде

Өсімпұлы 500%-ға дейін: Алматылықтар заңсыз несие алып алданып қалған
Сурет: Бейнеден кадр/ Қаржы мониторинг агенттігі

Алматылықтар заңсыз несие алып, бастапқы құнынан 3-5 есеге дейін өсімпұл төлеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттерін әшкереледі.“Creditum” МҚҰ, “Sofi Finance” МҚҰ, “Hava Finance” МҚҰ, “SF Offline” МҚҰ, “POS Credit” МҚҰ, “Сәлем Кредит” МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Төлемдері кешіктірілген қарыз алушыларды «KOKE.KZ», «TENGO.KZ», «HAVA.KZ» платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасауға мәжбүрлеген. Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана күшіне енген. Аталған қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған. Мысалы, қарыз алушы Ш. 120 мың теңге несие алып, негізгі қарыз бен пайыздарды қоспағанда тек кепілдік үшін 446 мың теңге төлеген”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Бұл микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден жасалған. Аталған заңсыз әрекеттерден жалпы сомасы 30 млрд теңге көлемінде шығын келген. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.


 

❗️

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →