×

50 млн теңге алып Ресейге қашып кеткен кәсіпкер ұсталды

Ол 2017 жылы жалған фирма құрып бой тасалаған

50 млн теңге алып Ресейге қашып кеткен кәсіпкер ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен азамат Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасыныцң баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қазақстандық азамат экстрадицияланды. Аталған тұлға 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген. Бизнес субъектісінен 50 млн теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.Өткен жылдың қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша отанына экстрадицияланды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Тағылған айып бойынша оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қылмысты ұйымдастырған Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты
Осы іске қатысты 6 микро қаржылық ұйым мен 3 платформа жұмысы тексерілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →