×

Ұлытау облысында қоныс аудару бағдарламасынан 91 млн теңге жымқырылған

Іске қатысты Сәтпаев қаласы әкімдігінің ТҚШ бұрынғы басшысы күдікке ілінді

Ұлытау облысында қоныс аудару бағдарламасынан 91 млн теңге жымқырылған
Сурет: Kazpravda.kz

Ұлытау облысында қоныс аудару бағдарламасынан 91 млн теңге жымқырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ұлытау облысы прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қоныс аудару бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Сәтпаев қаласы әкімдігінің ТҚШ бұрынғы басшысы мен басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, іс жүзінде жоқ ғимаратты мемлекеттік мұқтаждық үшін жалған сатып алу арқылы 91 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен  жымқырды деп айыпталуда.Тергеу барысында күдіктілерге қатысты әр түрлі бұлтартпау шаралары қолданылып, олардың мүліктеріне тыйым салынды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталмыш іске қатысты 7 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысындағы мектептерде химия, информатика, биология мұғалімдерінің құқықтары бұзылған
Кеше, 10:35

Абай облысындағы мектептерде химия, информатика, биология мұғалімдерінің құқықтары бұзылған

Еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында 125 орта мектеп қызметкерінің құқықтарының бұзылған
Ол бітпеген 3 тұрғын үйдің құрылысы үшін мердігерге 519 млн теңге аударып жіберген
Оған мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр
Жымқырылған ақшаға 6 қымбат көлік пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →