×

"Шаршы метр үшін 70,65 теңгені құрауы тиіс": Ақтөбеде тұрғын үй жалдау ақысы 2 есе қымбаттаған

Өңірде тұрғын үй жалдау құны негізсіз 50%-ға негізсіз қымбаттаған

"Шаршы метр үшін 70,65 теңгені құрауы тиіс": Ақтөбеде тұрғын үй жалдау ақысы 2 есе қымбаттаған
Сурет: Halyqline.kz

Ақтөбеде негізсіз көтерілген тұрғын үй жалдау ақысы 2 есе төмендетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ақтөбе облысы прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жалдамалы тұрғын үйді пайдалану кезінде азаматтардың құқықтарының сақталуын талдады. Нәтижесінде, 145 тұрғын үй бойынша жалдау ақысының 50%-ға негізсіз қымбаттағаны анықталды. Атап айтқанда, Ойыл ауданы әкімдігінің қаулысымен 1 шаршы метрге 141,3 теңге мөлшерінде төлем белгіленген. Алайда есептеулер бекітілген әдістемеге сәйкес жүргізілмеген, өйткені нақты сома 1 шаршы метр үшін 70,65 теңгені құрауы тиіс. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде әкімдіктің қаулысы жойылып, тұрғын үйдің жалдау ақысы 8 733 теңгеден 4 367 теңгеге дейін төмендетілді. Сонымен қатар, 70 азамат үшін қайта есептеу жүргізіліп, қазіргі уақытта 3,1 млн теңге 2025 жылғы жалдау ақысына есептелді. Сондай-ақ, жалдау ақысын ішінара төлеген 75 азаматтың қарызы 3,3 млн теңгеден 2,5 млн теңгеге азайтылды.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 145 азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, нормативтік құқықтық акт заңнамаға сәйкестендірілді, ал жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі таңда өңірде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысындағы мектептерде химия, информатика, биология мұғалімдерінің құқықтары бұзылған
Бүгін, 10:35

Абай облысындағы мектептерде химия, информатика, биология мұғалімдерінің құқықтары бұзылған

Еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында 125 орта мектеп қызметкерінің құқықтарының бұзылған
Ол бітпеген 3 тұрғын үйдің құрылысы үшін мердігерге 519 млн теңге аударып жіберген
Оған мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр
Жымқырылған ақшаға 6 қымбат көлік пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →