×

Мерзімінде бітпеген істің зардабы: Жаңатаста мердігер компания жұмысын аяқсыз қалдырған

Нәтижесінде 50 жаңа жұмыс орнының ашылу мерзімі кешіккен

Мерзімінде бітпеген істің зардабы: Жаңатаста  мердігер компания жұмысын аяқсыз қалдырған
Сурет: Жамбыл облысының прокуратурасы

Жамбыл облысы Жаңатас қаласы Сарысу ауданының прокуратурасы инвестор «Kazchemtrading» ЖШС-ның құқықтарын бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“2021 жылы Жаңатас қаласындағы цемент зауытының электрмен жабдықталуына бюджеттен 427 млн теңге бөлініп, мердігермен жұмыс аяқталатын мерзім 2023 жылдың 1 қыркүйегі болып белгіленген. Алайда электр желілері мен қосалқы станцияның құрылысы белгіленген мерзімде аяқталмаған. Электрмен жабдықтаудың болмауы жобаның аяқталуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және оның экономикалық тиімділігінің төмендеуіне себеп болды. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2024 жылы инвесторды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қосымша 6,4 млн теңге бөлініп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Қазіргі уақытта инвестор толықтай электр қуатымен қамтамасыз етілді.Цемент зауытының жалпы құны 3,1 млрд теңге құрайды, ал жобаның іске асырылуымен 50 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды
Бүгін, 18:41

Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда екі мүмкіндігі шектеулі адамды пайдалану ісі бойынша үкім шыққанын хабарлады.
Экс-әкімнің ісінде мемлекетке 2 млрд теңгеге жуық шығын келтірілгені хабарланды.
Осы аралықта өңірде сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →