×

Шенінен айрылды: Екібастұз қаласы ТЖД бастығы сотталды

Ол бірнеше рет тиімсіз шарттар жасасып, пара алған

Шенінен айрылды: Екібастұз қаласы ТЖД бастығы сотталды
Сурет: zakon.kz

Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

“Ағымдағы жылдың 31 наурызында Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығарды. Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп хабарлайды Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Маған өмірлік сабақ болды»: Қазақты қорлаған Мұхамадиева сотта көз жасына ерік берді
Бүгін, 16:16

«Маған өмірлік сабақ болды»: Қазақты қорлаған Мұхамадиева сотта көз жасына ерік берді

Келіншек екі жасар қызын бірнеше айдан бері көрмегенін айтты  
Динара Зәкиева көп мектептерде басшылық зорлық-зомбылық фактілерін жасыруға тырысатынын мәлімдеді
Бұған дейін тергеу барысында қылмысты орындаған екі адам ұсталып, қамауға алынған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →