×

272 млн-ға орнатылмай қалған таңбалар: Ақтөбеде мемқызметкер бюджет қаржысын жымқырып кетті

Нәтижесінде мемлекеттің 272 млн теңгеден астам сомасы талан-таражыға түскен

272 млн-ға орнатылмай қалған таңбалар: Ақтөбеде мемқызметкер бюджет қаржысын жымқырып кетті
Сурет: Kazpravda.kz

Ақтөбеде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған тұлғалар сотталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Актөбе қаласының №2 сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.Осыған дейін Актөбе қаласының прокуратурасы бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында Актөбе қаласының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры жеке кәсіпкермен алдын ала сөз байласып, мемлекеттік сатып алу аясында жол таңбаларын салу бойынша 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасағаны анықталды”, – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Алайда іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, ал ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, иемденілген. Нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген.

“Осы факті бойынша ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2) тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс сотқа жолданды.Сот ұсынылған дәлелдемелерді қарап, мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сотталған тапсырыс берушіні мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ал мердігерге кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген сот шешімінде.

Қазіргі таңда, үкім заңды күшіне енбеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1,5 млрд теңгелік таңқурай көшеті: Алматыдағы шенділердің жалған құжатпен субсидия алу оқиғасы анықталды
Кеше, 11:28

1,5 млрд теңгелік таңқурай көшеті: Алматыдағы шенділердің жалған құжатпен субсидия алу оқиғасы анықталды

Олар бұл үшін 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланған
6,8 млн теңге ұтыс ретінде қолма-қол алғанымен борышын өтемеген
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады  
Қылмыстық топ 100-ден астам азаматтың 150 млн теңгеден астам қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып үлгерген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →