×

80 грамм есірткіні анықтау үшін 400 мың теңге беру керек

Сыйақы мөлшері тәркіленген есірткі көлеміне байланысты болады

80 грамм есірткіні анықтау үшін 400 мың теңге беру керек
Сурет: Бейнеден кадр/Бас прокуратура

Ел ішіндегі есірткі сақтау және тарату фактілері туралы хабар берген қырағы азаматтарға сыйақы төленеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Бұл қаржы бюджеттен емес, өздері осы күрестің бір бөлігі болуға бел буған бейжай қарамайтын кәсіпкерлерден түседі. Қаңтар айында — 60 грамм мефедронның алынуына ықпал еткен ақпарат үшін 300 мың теңге төленді. Наурызда — 80 грамнан астам синтетикалық заттарды ұстауға көмектескен дерек үшін 400 мыңнан астам теңге берілді. Сыйақы мөлшері тәркіленген есірткі көлеміне байланысты болады. Жоба нақты нәтижесін бере бастады.Осылайша мемлекет қылмыспен күрестегі азаматтық батылдық пен ынтымақтастықты қолдап отыр”, – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Бұл алдымен, Шығыс Қазақстан облысында “STOP наркотик!” пилоттық жоба ретінде іске қосылған.

“Улы заттардың таралуын тоқтатуға атсалысқан әр адам мұны ақша үшін емес — өмір үшін жасайды. Өз балалары үшін. Таза болашақ үшін.Барлық өңірлерді осы бастаманы қолдауға шақырамыз. Мемлекет, кәсіпкерлер және қарапайым халық — бәріміз бірігіп, есірткі бизнесіне қарсы тұра аламыз”, – делінген прокуратура хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған
29.05.2025ж. 14:20

Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған

№15 колледж басшылығы оқуға қатыспаған сотталушыларға білім берген
Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген
Күдікті «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан
Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша қамауға алынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →