×

Есірткі сатумен айналысқан: Африкадан отандық клубқа келіп футбол ойнайтын жігіт ұсталды

Сонымен қатар отандық сериалдың актері де дәл осындай қылмыспен ұсталған

Есірткі сатумен айналысқан: Африкадан отандық клубқа келіп футбол ойнайтын жігіт ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысқан футболист пен актерді ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдерп отыр.

“Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz. - Шымкент қаласында 1,5 кг а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматы ұсталды. Ол есірткіні Telegram арқылы сатқан. Күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Оның жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды. Сонымен қатар Ақмола облысында 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның жол сөмкесінен шамамен 2 кг гашиш табылды. Ол бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысы ретінде рөл сомдаған”, –  деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Қазір екі күдікті де  уақытша ұстау изоляторына қамалған. Басқа да қатысушылардың бар-жоғы анықталып жатыр.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған
29.05.2025ж. 14:20

Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған

№15 колледж басшылығы оқуға қатыспаған сотталушыларға білім берген
Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген
Күдікті «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан
Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша қамауға алынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →