×

«Qnet» қаржы пирамидасы ісі бойынша үкім шығарылды

Қаржы пирамидаға 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған

«Qnet» қаржы пирамидасы ісі бойынша үкім шығарылды
Сурет: Liter.kz

Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл туралы тергеу жұмыстарын Қаржы мониторинг агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізген.

“Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған «QVI tripsaver» саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген. Қатысушылардың салымдары 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған. Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”,  – делінген ҚМА хабарламасында.

Ал сот шешімімен кінәлі тұлғалардан 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған
29.05.2025ж. 14:20

Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған

№15 колледж басшылығы оқуға қатыспаған сотталушыларға білім берген
Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген
Күдікті «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан
Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша қамауға алынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →