×

Талғарда 83 мұғалімнің айлығынан заңсыз МӘМС жарналары ұсталған

Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар

Талғарда 83 мұғалімнің айлығынан заңсыз МӘМС жарналары ұсталған
Сурет: khabar.kz

Алматы облысында мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналар қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған, олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған. Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонгдай-ақ прокурорлар азаматтар мен жұмыс берушілерді, азаматтардың құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін жарналардың дұрыс төленуіне мұқият назар аударуға шақырып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Баламды таяқпен ұрды»: Алматыдағы түзету орталығының қызметкері қамалды
Кеше, 10:51

«Баламды таяқпен ұрды»: Алматыдағы түзету орталығының қызметкері қамалды

Кішкентай баланың қолын қайырып жатқан түзету орталығының қызметкерінің видеосы желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →