×

Астаналық кәмелетке толмаған екі қызын Сириядағы лаңкестерге күйеуге бермек болған

Ол Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды

Астаналық кәмелетке толмаған екі қызын Сириядағы лаңкестерге күйеуге бермек болған
Сурет: Totallycoolpix.com

Елорда тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды тарату үшін пайдаланған, сондай-ақ Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Кінәлі адам полиция қызметкерлерімен Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды. Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористтіктоптың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді. Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертіп отыр.
 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Осы аралықта өңірде сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар орын алған
Кейбір металдарды елден шығаруға мараторий жарияланған
Бұл туралы бүгін Сенатта тиісті заңды екі оқылымда қарап, қабылданған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →