×

СҚО-дағы фермадан жұмысшылар 50 бас ірі қара малдың төлін ұрлап кеткен

Келтірілген залал сомасы 5 млн 800 мың теңгені құрап отыр

СҚО-дағы фермадан жұмысшылар 50 бас ірі қара малдың төлін ұрлап кеткен
Сурет: Polisia.kz

 СҚО шалғай аудандарының бірінде жасалған ірі көлемдегі мал ұрлығының беті ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полицияч департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Тимирязев ауданының полиция бөліміне мал ұрлығы фактісімен жергілікті ЖШС-тің директоры жүгінді. Шаруашылығындағы мал басын түгендеу кезінде әулиекөл тұқымды 50 бас бұзауының жетіспейтінін анықтаған. Келтірілген залал сомасы 5 млн 800 мың теңгені құрады. ЖШС аумағына күзет қойылмаған, бейнебақылау камералары орнатылмаған. Ұрлық соңғы айда жасалған болуы мүмкін. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорынның 24 және 25 жастағы екі жұмысшысының қатыстылығын анықтады. Күдіктілердің сөзінше, бұзаулар бірнеше рет ұрланған және СҚО ауданының әр түрлі адамдарына сатылған. Қазіргі уақытта құжаттарының бар-жоғын сұрамай сатып алған адамдардан 25 бас бұзау қайтарылды”, – делінген полиция ақпаратында.

Ірі көлемде мал ұрлағандары үшін күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасын арқалаулары мүмкін.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Итті де бұлай азаптамайды ғой»: жетісулық Айзат Жұманованың анасы әділдік талап етті
Кеше, 15:08

«Итті де бұлай азаптамайды ғой»: жетісулық Айзат Жұманованың анасы әділдік талап етті

Қаза шыққан отбасы істі жабуға күйеуінің отбасылық байланыстары себеп болуы мүмкін деп санайды
Ол 5 банк алдында 14 млн теңгеден астам қарызға батқан
Ол қаражат әлеуметтік нысандар салуға бөлінген
Келіншек екі жасар қызын бірнеше айдан бері көрмегенін айтты  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →