×

Жоғалып кеткен құрылғылар: Түркістан облысында 28 полиция қызметкері жазаланды

Тексеру жүргізу барысында құны 400 млн теңге тұратын құрал-жабдықтар қолды болып кеткен

Жоғалып кеткен құрылғылар: Түркістан облысында 28 полиция қызметкері жазаланды
Сурет: Polisia.kz

Түркістан облысы Түлкібас ауданында тексеріс нәтижесінде 28 полиция қызметкері майнинг ферманың жабдықтары жоғалып кетуіне байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ІІМ тарапынан кезекті тексеру жүргізу барысында құны 400 млн теңге тұратын құрал-жабдықтардың қолды болып кеткені анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғаны және жұмысында жіберілген кемшіліктері үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Полиция департаменті құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша тұрақты шаралар қабылдап жатыр", – делінген хабарламада.

Жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің тізімі желіде пайда болды. Оның ішінде қатардағы тергеушілер де, жоғары шенді офицерлер де бар. Сондай-ақ олардың қандай нақты бұзушылықтары үшін жазаланғаны көрсетілген.

Нәтижесінде, Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметінен босату туралы хаттама берген. Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, оның екі орынбасары, сондай-ақ түрлі басқармалардың бастықтары мен орынбасарлары қатаң сөгіс алған.

Түлкібас РПП аға тергеушісі, ОПҚ бастығы және Түлкібас РОП бастығының бірінші орынбасары қызметтерінен босатылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы «Арыстан» базарының сауда алаңдары сүріліп жатыр
Бүгін, 11:31

Алматыдағы «Арыстан» базарының сауда алаңдары сүріліп жатыр

Базардың бір бөлігі рұқсат беру құжаттарынсыз салынған
Оның заңсыз әрекеті супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде орын алған
Оларға бірден 17 хаттама толтырылған
Олар елге 3,2 млрд теңге қарыз болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →