×

Құны 400 мың теңге: Шымкентте 500-ден астам адам жүргізуші куәлігін сатып алған

Жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді

Құны 400 мың теңге: Шымкентте 500-ден астам адам жүргізуші куәлігін сатып алған
Сурет: diapazon.kz

Шымкентте 500-ден астам адам жүргізуші куәлігін сатып алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.Тергеу барысында 2023–2024 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Р. Мурашимов пен бірге бірқатар лауазымды тұлғалар жүргізуші куәліктерін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Аталған «қызмет» үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алынған. Нәтижесінде 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған. Қазіргі таңда тергеу аясында 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне - 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, – делінген ҚМА хабарламасында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Айта кету керек, жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Бұл Шымкент қаласында соңғы жылдары жиілеген жол-көлік оқиғаларынан да байқалады. 2022 жылы мұндай оқиғалар саны 398 болса, 2024 жылы 878-ге дейін жеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жоғалып кеткен құрылғылар: Түркістан облысында 28 полиция қызметкері жазаланды
29.04.2025ж. 11:33

Жоғалып кеткен құрылғылар: Түркістан облысында 28 полиция қызметкері жазаланды

Тексеру жүргізу барысында құны 400 млн теңге тұратын құрал-жабдықтар қолды болып кеткен
5 салық төлеушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер заңсыз тоқтатылған
Контрабандалық өнімдер 2024 жылдың желтоқсан айында анықталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →