×

Тұрғындар қарсы болған: 24 жылға жерді жалға алған инвестордың құқығы қорғалды

Жалпы көлемі 87 га жер учаскесі уақытша өтеулі ұзақ мерзімге жалға берілген

Тұрғындар қарсы болған: 24 жылға жерді жалға алған инвестордың құқығы қорғалды
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Байзақ ауданынында 24 жылға жерді жалға алған инвестор «Алель-Агро» АҚ-ның құқықтарын бұзу фактісін анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 12 мамырдағы қаулысының негізінде «Алель-Агро» АҚ ет бағытындағы құстарды өсіру үшін инвестициялық жоба ретінде танылып, облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Байзақ ауданы әкімдігінің 2023 жылы қарашада «Алель Агро» АҚ-на шаруа қожалығын жүргізу үшін Бәйтерек ауылдық округінің аумағындағы жалпы көлемі 87 га жер учаскесі уақытша өтеулі ұзақ мерзімге 24 жылға жалға жер пайдалану құқығы берілген. Дегенмен, ауыл тұрғындары зиянды қалдықтардың шығуы мен ауаның ластануы зиян келтіреді негіздермен зауыттың соғылуына қарсы болғандықтан, инвестор аталған жер учаскесінің аумағын ауданның арнайы жер қорынан ауыстырып беру туралы аудан әкімдігіне өтініш білдірген. Жер комиссиясы 2024 жылғы 14 қарашада аталған мәселе бойынша оң қорытынды қабылдаған. Алайда, «Алель-Агро» АҚ-ы өкілінің 2024 жылғы 22 қазандағы берілген өтініші түпкілікті шешімін таппаған және ол бойынша тиісті қаулы шықпаған.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2025 жылы 26 наурызда инвесторға Байзақ ауданы «Көкбастау» жер қорының жерінен ауыстыру арқылы беріліп, жерлерді игеру басталды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі таңда кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл жобаның іске қосылуы инвестиция тартып, 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуғамүмкіндік бермек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
4 облыста терроризмді насихаттаған қылмыскерлер ұсталды
06.05.2025ж. 10:32

4 облыста терроризмді насихаттаған қылмыскерлер ұсталды

Олардың тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынған
Жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған
Жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді
Тексеру жүргізу барысында құны 400 млн теңге тұратын құрал-жабдықтар қолды болып кеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →