×

Түн тыныштығын бұзған павлодарлықтар: екі жарым мыңға жуық адам жауапқа тартылды

Жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін тыныштық сақталуы керек

Түн тыныштығын бұзған павлодарлықтар: екі жарым мыңға жуық адам жауапқа тартылды
Сурет: Түнгі Павлодар/arnapress.kz

Павлодар қаласының тұрғындары түнге қарай тыныштықты көп бұзған.  Жыл басынан бері Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты полицейлер тұрғындар тарапынан тыныштықты бұзу деректерін анықтап, екі жарым мыңға жуық адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Жауапкершілікке тартылғандардың басым көпшілігі — түнгі уақыттарда көңілді отырыс ұйымдастырып, музыка қойып, дау-жанжал шығаратын көршілер. Мәселен, таңғы сағат 04:13 шамасында Павлодар қаласының Байзақов көшесіндегі тұрғындар төменгі қабаттан шыққан қатты дауыстардан оянып кеткен. Мұнда көршілер күн құрғатпай жанжал шығарып, тыныштықты бұзуды әдетке айналдырған. Созылмалы сырқаты бар егде жастағы әйел бірнеше рет оларды сабырға шақырғанымен, мәселені бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаған соң, полицияға хабарласуға мәжбүр болған. Тағы бір оқиға таңғы 04:55-те орын алды. Торайғыров көшесіндегі үй тұрғыны түнгі уақытта шектен тыс қатты қойылған музыкадан әбден мезі болып, полицияның көмегіне жүгінген. Оның айтуынша, көршісі музыканы ең жоғары дыбысқа қойып, әсіресе жұмыс күндері мазаны алады. "Мұндай жағдайда өмір сүру қиын. Түсіністікпен сөйлесуге тырыссақ, керісінше, жанжалға ұласады", – деп ренішін білдірді әйел. Тұрғындарға бұдан былай мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді”, – делінген полиция ақпаратында.

 Полиция жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23:00-тен таңғы 10:00-ге дейін тыныштықты сақтау керектігін еске салып отыр. Түн ұйқыларыңыз тыныш болсын!

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
700 тонна металл құймаларын шетелге заңсыз шығару схемасы анықталды
27.06.2025ж. 09:45

700 тонна металл құймаларын шетелге заңсыз шығару схемасы анықталды

Кейбір металдарды елден шығаруға мараторий жарияланған
Бұл туралы бүгін Сенатта тиісті заңды екі оқылымда қарап, қабылданған
Өңірде жыл басынан бері  408 интернет-алаяқтық дерегі тіркелгеен
Жыл басынан 24 пранкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →