×

Алматыда есірткі арналарын жарнамалап жүрген әйел ұсталды

Ұсталған азаматшадан ондаған парақша мен хат алысып, тапсырмалар алып жүрген ұялы телефондары тәркіленді.

Алматыда есірткі арналарын жарнамалап жүрген әйел ұсталды
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматыда есірткі арналарын көрсететін QR коды бар жарнамаларды жабыстырып жүрген әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияның хабарлауынша, жарнамалық материалдарда толық емес жұмыс уақыты ұсынылған жұмыс болған, бірақ тергеу барысында сілтемелер есірткі сатушыларды жалдайтын мессенджерлік арналарға алып келгені белгілі болды.

Ұсталған азаматшадан ондаған парақша мен хат алысып, тапсырмалар алып жүрген ұялы телефондары тәркіленді.

Мұндай жарнамаларды жабыстыру – азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартудың қылмыстық тізбегінің бір бөлігі. Біз қала көшелерінде, оның ішінде аулалар мен адам көп жиналатын орындарда бақылауды күшейттік. Азаматтарды қырағы болуға және күдікті сілтемелерге өтпеуге шақырамыз, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Солдатқа жасалған қорлық» бейнеролигі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме таратты
Бүгін, 15:40

«Солдатқа жасалған қорлық» бейнеролигі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме таратты

Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі
Рудный қаласының прокуроры Марат Оспанов пара алды деген күдікпен ұсталды
Депутаттың сөзінше, жуырда сот шешімімен Нұрбол Назарбаев мемлекет пайдасына 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →