×

9,8 млн жымқырған: Қостанайдағы ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтерінің айласы

Оның төленген және нақты төлену керек жалақысы арасындағы айырмашылық көп

9,8 млн жымқырған: Қостанайдағы ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтерінің айласы
Kazpravda.kz


Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Новотроицк ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері бюджет қаражатын 9,8 млн теңге көлемінде ұрлау фактісін анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру барысында 4 жыл ішінде өзіне артық соманы есептеген бухгалтердің төленген және нақты төлену керек жалақысы арасындағы айырмашылық анықталды. Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша, атап айтқанда ірі мөлшерде ұрлауды сотқа дейінгі тергеп- тексеруді бастады. Баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен алты жылға дейін айналысу құқығынан айыру қарастырылған”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
90,6 млн теңге: Оңай табыс Астана тұрғынын орға жықты
Бүгін, 10:53

90,6 млн теңге: Оңай табыс Астана тұрғынын орға жықты

Оған сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған
Жаңа сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады
85 атқарушылық іс жүргізу бойынша 2 млн теңге артық ұсталған
Ол 2015-2017 жылдар аралығында банк қаражатын иемденіп, талан-таражға салған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →