×

256 миллиондық жалған келісімшарттар: Шымкенттегі танымал ЖОО-да ақша жымқыру схемасы әшкереленді

Жымқырылған ақшаға 6 қымбат көлік пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алынған

256 миллиондық жалған келісімшарттар: Шымкенттегі танымал ЖОО-да ақша жымқыру схемасы әшкереленді
Сурет:The Technology University (Shymkent)

Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ақша жымқыру схемасы әшкереленді,  деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы ҚР Қажы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар. Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.Аталған жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және т.б.) пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі таңда, 4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданып, қылмыстық іс сотқа жолданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда жеке сот орындаушылар тұрғындарға заңсыз айыппұл төлеткен
Бүгін, 14:53

Павлодарда жеке сот орындаушылар тұрғындарға заңсыз айыппұл төлеткен

85 атқарушылық іс жүргізу бойынша 2 млн теңге артық ұсталған
Ол 2015-2017 жылдар аралығында банк қаражатын иемденіп, талан-таражға салған
Жекеге 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі өтіп кеткен
Олар 1800-ден аса адамға автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →