×

Абай облысындағы мектептерде химия, информатика, биология мұғалімдерінің құқықтары бұзылған

Еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында 125 орта мектеп қызметкерінің құқықтарының бұзылған

Абай облысындағы мектептерде химия, информатика, биология мұғалімдерінің құқықтары бұзылған
Сурет: shutterstock.7eer.net

Абай облысы Абай ауданының 11 мектебінің қызметкерлерінің еңбек құқықтарының бұзылғанын анықталды, еп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді

“Абай ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында 125 орта мектеп қызметкерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады. Ауданның 11 мектебінде педагогикалық және техникалық қызметкерлер қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмегені анықталды. Белгіленген нормативтерге қарамастан химия пәнінің мұғалімдеріне ақ халаттар, информатика пәнінің мұғалімдеріне компьютермен жұмыс істеу үшін қорғаныс көзілдіріктері, зертханашыларға қолғаптар мен қорғаныс алжапқыштар берілмеген. Аталған бұзушылықтар қызметкерлердің қауіпсіз және гигиеналық еңбек жағдайларына конституциялық құқығын шектеді.Прокуратураның тексеруі нәтижесінде білім мекемелерінің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мектептер қажетті жеке қорғаныс құралдарын сатып алу процедураларын басталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
90,6 млн теңге: Оңай табыс Астана тұрғынын орға жықты
Бүгін, 10:53

90,6 млн теңге: Оңай табыс Астана тұрғынын орға жықты

Оған сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған
Жаңа сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады
85 атқарушылық іс жүргізу бойынша 2 млн теңге артық ұсталған
Ол 2015-2017 жылдар аралығында банк қаражатын иемденіп, талан-таражға салған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →